«Түркістан-Арена» стадионына қатысты прокуратура тексеру бастады. Қазақстан чемпионаты кезінде футболшыларға бірнеше сағат бойы көлкіген суда ойнауға тура келді. Нысанды салған «BI Group» компаниясының өкілдері 39 млн доллар жұмсалған халықаралық стадионның дренаждық жүйесі жұмыс істеп тұрғанын, келеңсіздікке жауын-шашынның себеп болғанын айтады.
39 млн доллар салынған «Түркістан-Арена» стадионының ел чемпионаты кезінде көлге айналып, ойыншыларға кедергі жасағаны жанкүйерлердің ашу ызасын келтірді. нысанды салған құрылыс қомпаниясының өкілі бұл олқылықты сол күнгі қолайсыз ауа райымен байланыстырады.
Дархан Тоғаев, «BI Group» компанияcының өкілі:
Жаңбыр бір күнде бір айлық мөлшерде түсті. Біздің дренажный системалардың барлығы жұмыс істеп тұр. Біз оны тексердік. Жаңбырдан кейінгі болған жағдайлардың кемшіліктерін түзейміз.
Яғни, құрылыс компаниясы нысанның талапқа сай екенін алға тартады. Кем кетігін уақыт өте түзейміз деп уәде етіп отыр.
Айнұр Ақбаева, тілші:
«Тұран» мен «Астана» командаларының ойыншыларын әбігерге салған стадион әлі күнге су болып тұр. Қазір стадиондағы олқылықтардың не себепті орын алғанына қатысты тексеру шаралары басталды. қалалық прокуратура тарапынан осы оқиғаға байланысты талдау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, осы нысанды қабылдап алған өңірдің спорт басқармасы басшылығы қандай кемшіліктер кеткенін арнайы құрылған комиссия анықтайтынын жеткізді.
Қанат Жолдақараев, Түркістан облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы:
Ойын біткеннен кейін «BI Group» құрылыс компаниясымен осы стадиондағы біздің басшылармен тексеру жүріп жатыр. Дренаждардың талапқа сайлығын қазір арнайы комиссия құрылып жатыр. Сол комиссия барлығын тексеріс біткеннен кейін қортындығыс айтамыз.
Стадион әзір жабылған жоқ, брақ жөндеу жұмыстары біткенше ешқандай ойын өткізілмейді.
Айнұр Ақбаева