Елордада шлагбаумдарға жедел жәрдемге арналған құрылғы орнатылып жатыр
Елордада көпқабатты үйлердің ауласына орнатылған шлагбаумдар жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметіне кедергі. Өйткені, көліктер осы шлагбаумдар дер кезінде ашылмағандықтан ішке кіре алмайды.
Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше мұндай қиындық 120-ға тарта тұрғын үйде бар. Соның кесірінен, көмекке келген бригада көлігі алысқа тоқтауға мәжбүр. Қазір осы мәселені шешу үшін шлагбаумдарға арнайы құрылғы орнатылып жатыр. Сол арқылы жедел жәрдем жүргізушісі оны пультпен өзі аша алады. Сондай-ақ, диспетчерлік орталыққа хабарласып немесе мобильді қосымшаны қолдануына болады. Әзірге мұндай құрылғы сынақтық режимде 24 шлагбаумға қойылған.
Мұрат Оразбаев, қалалық жедел-жәрдем станциясының директоры:Бұл соңғы 10 жылдағы өзекті мәселенің бірі. Өйткені, шлагбаум алдында тұрып қалатын 4-5 минуттың өзі бізге өте көп. Оны шешу үшін осы уақытқа дейін бірнеше жоба жасалған, бірақ олар жемісін бермеді. Ал, мына құрылғы ыңғайлы, сондықтан, басқа аулаларға да орнатылса деп ойлаймыз.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 11:30
S&P Global Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне жоғарылатты
22.08.2026, 10:52
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 10:30
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40