Жерге қатысты заң жобасы Мәжілістің қарауына түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерге қатысты заң жобасы Мәжілістің қарауына түсті

16.03.2021

Жерге қатысты заң жобасы Мәжіліс қарауына түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 күн бұрын твиттерде жазба қалдырған еді. 

«Бүгін Мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды.»,-делінген.

Құжат аграрлық мәселелер комитетіне өтті. Ертең Мәжілістің отырысында жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы баяндама жасалады.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу