Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру аясында 14 жоба іске асырылады
Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мен кадр сапасын арттыру аясында 14 жоба іске асырылады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді. Осыған сәйкес, қызметкердің жұмысын бағлаудың «360 градус» деп аталатын сандық әдісі енгізіледі. Яғни, кадрды басшылық қана емес, әріптестері мен басқа мүдделі тараптар бағалайтын болады. Мәліметтер сақталатын «iQyzmet» ақпараттық жүйесін құру көзделген. Мұнда қызметкердің жынысы, қанша шет тілін білетіндігі сынды түрлі ақпарат болады. Оның құпиялылығы сақталады. Жүйені жасауда агенттік Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін ескеріп отыр. Айта кетейік, өткен айда Президент мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын бекіткен болатын.
Анар Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:Қаржы болған жағдайда біз бірден жүзеге асыруға шығарамыз. Ол өте жақсы платформа. Неге десеңіз, оның ішінде бүкіл информация болады. Бізде платформа дайын. Оны Президент әкімшілігіне көрсеттік.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16