Елордада қайтадан локдаун енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қайтадан локдаун енгізіледі

16.03.2021

Елорданың «қызыл» аймаққа енуіне байланысты 21 наурызда локдаун енгізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтар бірқатар талапты сақтауы тиіс.

Жексенбіден бастап ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес базарлар, жабық спорт объектілері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпошта» секілді мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуіне байланысты жексенбі күні қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.

Сондай-ақ демалыс күндері фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру нысандарының, сауналардың, СПА-орталықтардың жұмысына шектеу қойылады. Ал 18 наурыздан бастап тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқарады, кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынады. Сондай-ақ бас санитардың шешімімен мекеме - ұйым қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Дезинфекциялық шараларды күшейту шарт. Қоғамдық орындарда адам көп шоғырланбағаны жөн. Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу