2025 жылға дейін Қазақстанда 103 млн шаршы метр баспана салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
«2025 жылға дейін елімізде 103 млн шаршы метр баспана салынады. Бұл бизнес үшін құрылыс материалдарының отандық нарығын дамытуға қосымша мүмкіндік береді. Саладағы қажеттілікті анықтау мақсатында негізгі 24 позиция бойынша құрылыс материалдары нарығына талдау жүргіздік. Бүгінгі таңда отандық өндірушілер 10 тауар позициясы бойынша ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.
Ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен толық қамту мақсатында біз қазір шет елдердің трансұлттық компаниялармен Қазақстан аумағында импорт алмастыратын өндіріс ашу мәселесін пысықтап жатырмыз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Самұрық-Қазына қорымен» бірлесіп, Құрылыс индустриясын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірледік. Онда саланы қолдаудың барлық тетіктері қарастырылған», - деді министр.