Аудандық дәрігерлер министрмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аудандық дәрігерлер министрмен кездесті

15.03.2021

Ауылдық жерлерге жылжымалы дәріхана жіберіп, жедел жәрдем көлігімен қамту керек. Бүгін Денсаулық сақтау министрімен кездескен ауыл-аймақ дәрігерлері осындай мәселелерді көтерді. Алексей Цой, әр облыс, ауданнан келген ақ халаттыларды жеке-жеке тыңдап, коронавируспен қалай күресіп жатқандарын сұрады. Дәрігерлердің айтуынша, шалғай елді мекендерде дәрі тапшылығы бар. Сол үшін министрден жылжымалы дәріханаларды сонда жіберуді сұрады. Әрі шұғыл шақыртуларға баратын мобильді топтар үшін, көлік жетіспейді. Сондай-ақ аудандық емдеу мекелерін қаржыландыру мәселесін қайта қарау керек деген ұсыныстар да айтылды. Бұл мәселелерді өзінің бақылауына алатынын айтқан Алексей Цой, індетпен күресіп жатқан абзал жандарға алғысын да білдірді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу