Бекшин Алматыда қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекшин Алматыда қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтты

15.03.2021

Алматыда коронавирустан күніне 300 науқас ауруханаға жатқызылатын болса, қала қайта жабылуы мүмкін. Шаһардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді. Карантин шараларын күшейту нәтижесін берді, сондықтан босаңсуға болмайды деді Бекшин. Бас санитардың сөзінше, қазір Алматыда 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар 7 мың төсек резервте тұр. Эпидемиологиялық зерттеулер инфекцияның нақтылы және ықтимал ошақтарын анықтады. Коронавирус көбінесе отбасы мүшелерінен, жұмыс орнынан және шетелге барушылардан шығып жатыр. Мектептерде 1-5 сыныптар үшін оқудың басталуына байланысты балалар арасында инфекция 22,4%-ға өскен. Сондықтан қала әкімдігі ата-аналарды балаларын онлайн оқытуға шақырды. Айта кетейік, 10 наурызда Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енді. Қалада бас санитардың қаулысына сәйкес карантин шаралары күшейді.


Хабарламаларға жазылу