Қостанайлық кәсіпкерлер «Ashyq» жобасы енгізілуін сұрайды
«Ashyq» - пандемия жағдайында бизнесті сақтап қалуға мүмкіндік беретін бірден бір жоба. Сондықтан оған біздің өңірді де қосуды сұраймыз». Қостанайлық кәсіпкерлер осылай дейді. Әзірге бұл пилоттық жоба Алматы және Нұр – Сұлтан қалаларында жүзеге асырылып жатыр. Қостанайда қазір қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат берілгенімен, караоке бар, боулинг тәрізді ойын сауық орындары әлі жабық. Бір жылдан бері тұрақты табыстан қағылғандықтан кәсіпкерлер шығынға батып, жұмыскерлерін де барынша қысқартқан. Сондықтан олар «Ashyq» жобасын аймаққа енгізу туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына хат та жазған.
Бақыт Бейісова кәсіпкер:Енді «Атамекен» өздерінен жоғары жаққа біздің осы өтінішімізді жеткізеді деп ойлаймын. Егер екінші кезеңге кірсек жұмысымыз жандана ма деген үміт бар. Бір жылдан бері жұмыс істемеу өте қиын. Мысалы менің өзімде 47 адам болды. Соның алтауы ғана қалды қазір. Қалғандары ешқандай жұмыс істеп жатқан жоқ.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16