Жаңаөзенде газдың 1 литрі 90 теңгеден сатылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде газдың 1 литрі 90 теңгеден сатылып жатыр

15.03.2021

Маңғыстауда газдың бағасы шарықтап барады. Жаңаөзен қаласындағы бекеттерде 1 литрі 90 теңгеден сатылып жатыр. Оған қоса, ұзын-сонар кезек. Жүргізушілер көліктеріне газ құю үшін сағаттап күтуге мәжбүр. Ал, Ақтаудағы бекеттердің басым бөлігі жабық. Жұмыс істеп тұрғандарында баға әртүрлі, 65-70 теңгеден сатылуда. Облыс орталығында да қалың кезек.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу