Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалған 164 жолаушы құтқарылды
Шығыс Қазақстанда өткен демалыс күндері қар құрсауында қалған 150-ден астам адам құтқарылды. Олардың 9-ы бала. Жолаушылар қатты боран соққанда тас жолдың бойында қалып қойған. Қазір бізбен тікелей байланысқа осы өңірдегі меншікті тілшіміз Берік Көшербай шықты.
Берік Көшербай, тілші:Ауа райы қолайсыз болғандықтан өткен сенбі күні Тарбағатай, Көкпекті, Күршім, Катонқарағай және Алтай ауданы бағытындағы жолдар жабылған еді. Дегенмен, алдын ала дауылды ескерту болғанына қарамастан жолға шығып кеткен 164 адам қар құрсауында қалып қойған. Төтенше жағдайлар департаментіні мен жолға жауапты мекеме қызметкерлері олардың барлығы құтқарылды деп хабарлады. Кейбір көлік жүргізушілері полиция бекетін айналып өтіп, бірақ көп ұзамай жолда тұрып қалған фактілер де болды, дейді мамандар. Жалпы, жыл басынан бері облыста 48 рет апаттық құтқару жұмыстары жүргізіліп, 357 адамға көмек көрсетілген. Қар құрсауында қалған 97 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялауға да турал келіпті. Сондықтан, өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті ауа райы туралы ақпаратқа немқұрайлы қарауға болмайды деп ескертіп жатыр.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16