Мемлекет басшысы Иманбекті жеңісімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Иманбекті жеңісімен құттықтады

15.03.2021
Мемлекет басшысы Иманбекті жеңісімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Grammy сыйлығына ие болған Иманбек Зейкеновті құттықтады. 

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.

«Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді. Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!», - деді Б.Уәли.

Еске салайық, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды. Сыйлық жеңімпаздарын жариялау рәсімі 14 наурызда өтті.



Хабарламаларға жазылу