Жұмыс орындарын сақтау, жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыс орындарын сақтау, жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды

12.03.2021

Пандемия жағдайында жұмыс орындарының сақталуы, жалақының уақытылы төленуі бұрынғыдан да өзекті. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осы мәселелерді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Бүгін ол орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдерін онлайн жинап, үшжақты республикалық комиссия отырысын өткізді. Жиналғандар

әлеуметтік шиеленістердің алдын алу, еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі Кешенді жоспардың іске асырылуын талқылады. Вице-премьер жұмыс берушілер мен жұмысшылардың мүдделерін қорғайтын кәсіподақтардың үлесін ерекше атап өтті. Отырыс соңында 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің жобасы шығарылды.

Ләйлә Дулатқызы


Хабарламаларға жазылу