Мәулен Әшімбаев Ұлыбритания елшісімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев Ұлыбритания елшісімен кездесті

12.03.2021

Сенат төрағасы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігінің Қазақстандағы елшісімен кездесті. Мәулен Әшімбаев пен Майкл Джон Гиффорд екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту жайын сөз етті. Сенат спикері Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен тұсында орналасуының стратегиялық маңызына тоқталды. Еліміз қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға баса мән беретінін жеткізді.

Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардың нәтижелі дамып келе жатқаны сөз болды. Палата Спикері британиядағы жоғары оқу орындары қазақстандық студенттер арасында жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті. Бұдан бөлек, Мәулен Әшімбаев осыған дейін өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездеріне қатысқаны үшін Ұлыбритания еліне алғыс білдірді, шіркеу өкілдерін алдағы форумға қатысуға шақырды.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу