Баспананы сату-сатып алу саны рекорд жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспананы сату-сатып алу саны рекорд жаңартты

12.03.2021

Елімізде баспананы сату-сатып алу саны рекорд жаңартты. Ұлттық статистика бюросының дерегінше ақпанда 41 мыңнан астам жылжымайтын мүлік сатылған.

Келісімшарт саны қаңтармен салыстырғанда 90 пайызға, ал былтырдың ақпанымен салыстырғанда 40 процентке көп. Пәтер сатып алушылар әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Маңғыстау, Қарағанды және Алматы облыстарында белсенді. Ал Солтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Жамбыл облыстарында керісінше сұраныс төмен. Пәтер бағасының қымбаттауы мен пандемияға қарамастан жылжымайтын мүлік нарығының жандануы зейнетақы қорындағы қаржының берілуімен байланысты дейді сарапшылар.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу