Пандемия кезінде 25 полиция қызметкері қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пандемия кезінде 25 полиция қызметкері қайтыс болды

12.03.2021

Пандемия кезінде 6,5 мың құқық қорғау қызметкері коронавирусқа шалдықты. Өкінішке орай, 25 тәртіп сақшысы ауыр дерттен қайтыс болды.

Полиция өкілдері блок-бекеттерде, медициналық мекемелерді күзету барысында және карантиндік аймақтарда белсенді жұмыс істеді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сенаттың үкімет сағатында мәлімдеді. Тәртіп сақшылары вирус жұқтырған 32 мың адаммен байланыста болғандарды іздеу шараларына қатысты. Қоғамдық тәртіпті қатаң бақылауда ұстады. Нәтижесінде қылмыс саны 37 пайызға, ұрлық пен тонау 2 есе азайған.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу