Қарағандыда Ұлттық Ұлан қызметкері қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Ұлттық Ұлан қызметкері қаза тапты

20.09.2018

Қарағандыда Ұлттық Ұланның 6505 әскери бөлімінің қызметкері қаза тапты. Ол Калашников мылтығынан өзін-өзі атып жіберген. Қайғылы оқиға кеше сағат 16.00 шамасында болды. Марқұм Тимур Нұрманов Шымкент қаласының тумасы. 2014 жылдан бері Ұлттық Ұлан сапында келісім шарт бойынша қызмет етіп келген. Ол қылмыстық атқару жүйесі мекемесін күзететін бөлімшеде жұмыс істепті. Оқыс жағдай сол жердегі казармада болған. Тимур Нұрманов өткен жылы ғана шен алған. «Мұндай қадамға баруына негіз болатындай мінез-құлқынан еш өзгеріс байқамадық», - дейді әріптестері. Қазір кіші сержанттың өліміне қатысты қызметтік тергеу басталды.

Аян Есжанов, 6505 әскери бөлімінің командирі:

- Қызметтік тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әскери прокуратураға, ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасына орталық өңірлік қолбасшылығы тарапынан хабар берілді. Тимур Нұрманов келісімшарт бойынша 3 жылдан артық  қызмет етті. Жедел әскери борышын да осы осы 6505 бөлімінде өтеген еді.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу