«Balapan» телеарнасының әлеуметтік анимация мектебі жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Balapan» телеарнасының әлеуметтік анимация мектебі жұмысын бастады

12.03.2021

Қазақстанда алғаш рет ерекше балаларға арналған анимация мектебі жұмысын бастады. Әлеуметтік жоба «Balapan» телеарнасының жанынан ашылып отыр. Әзірге бұл мектепке 14 пен 16 жас аралығындағы 30 оқушы іріктеліп алынды. Наурыз бен тамыз аралығында онлайн форматта оқитын жеткіншектерге Қазақстан, Оңтүстік Корея мен Жапонияның үздік мамандары сабақ береді. Мектеп ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін дағдыларды үйренуге мүмкіндік береді. Тағы бір ерекшелігі, жасөспірімдер оқудан кейін салада жұмыс істеп жүрген мамандармен кеңесіп, сұхбаттаса алады. Оқу курсы тегін және жеке анимациялық студиялардың атсалысуымен қайырымдылық жоба ретінде жүзеге асып жатыр. «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы балаларды арнайы планшет және басқа да техникалық құралмен қамтамасыз етеді.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу