Шығыс Қазақстанда құжатсыз жүрген 200-ге жуық азаматқа көмек көрсетілді
Шығыс Қазақстанда 200-ге жуық құжаты жоқ азамат анықталды. 100-ден астам адам 1974 жылғы үлгідегі қызыл паспортпен, ал 68 тұрғын тек туу туралы куәлікпен жүрген. Құжатсыз азаматтарға көмек көрсету акциясы аясында 154- і жеке куәлік алды. Бұл жұмысты еліміздің Көші-қон қызмет комитеті Қазақстан халықаралық адам құқықтары бюросымен бірлесіп атқаруда. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ тұрғындар мәселесі бойынша Өскеменде брифинг те өтті. Кезінде Кеңес Одағы тарқағанда Қазақстанға қоныс аударып, бірақ осы күнге дейін құжатын жаңаламағандар әлі де бар. Мамандар арнайы акция мерзімін 1 мамырға дейін ұзартты.
Сабыржан Сейітжанов, ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары:Біз тиісті сұрау хат жолдаймыз. Сол сұрау хат жолдап, анықтама алу бірталай ақша болып шығады. Осының бәрін біздің Көші-қон қызметкерлері немесе заңгерлер өзінің қолына алады, көмектеседі.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 11:30
S&P Global Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне жоғарылатты
22.08.2026, 10:52
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 10:30
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40