Оралдық фермер тың технологияны пайдаланып, өнімділікті арттырған
Қазақ шаруалары еліміз ғана емес, бүкіл әлемді астықпен қамти алады. Бастысы егіс алқабында заманауи технологияларды кеңінен пайдалану керек, - дейді оралдық фермер Армат Бисенов. «100 жаңа есім» жобасына қатысып жатқан жас шаруа әкесінің қасында жүріп 13 жасынан комбайнға отырған. Бүгінде мыңдаған гектар жері бар іргелі агроқұрылымды басқарады. Бастапқыда гектарына 12 центнерден өнім алса, қазір өнімділікті 47 центнерге жеткізген.
Армат Бисенов, «Агросервис-Батыс» ЖШС директоры:Тәжірибе алмасу мақсатында еліміздің өзге өңірлерін араладық. Кейін Ресей, Украина және Еуропа мемлекеттерінде болдық. Жасаған қорытындымыз, егіс алқабында ғылыми жетістіктерді жан-жақты қолданып, жаңа технологияларды пайдаланған жөн. Сонда ғана нәтиже болады. Бастысы ізденіп, еңбектенуден шаршамау керек. Еліміздегі әр фермер тәжірибе алмасуға, тың бастамаларға ынталы болса деймін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16