Әлемде 330 млн-ға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде 330 млн-ға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

12.03.2021

Әлемнің 59 елінде коронавирус жұқтырғандар саны әлі көбейіп келеді. Дегенмен, өткен аптада мұндай мемлекеттер қатары 70-тен асқан еді. Ал, «Рейтер» агенттігінің дерегінше, жалпы планета бойынша ковид диагнозы қойылғандар 118 жарым миллионнан асып, 2 миллион 800 мыңға жуығы қайтыс болған. Ал, халықты вакциналауға кіріскен елдер 119-ға жетіп, жер шарында 330 миллиондай адамға екпе салыныпты.

Арыстан Рысбек


вакцина коронавирус

Хабарламаларға жазылу