Көктемгі дала жұмыстарына дизель отыны жеңілдікпен беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктемгі дала жұмыстарына дизель отыны жеңілдікпен беріледі

11.03.2021

Сұйытылған мұнай газының бағасы еркін нарыққа шыққалы бензин құны да қымбаттап шыға келді. Энергетика министрлігі көктемгі дала жұмыстарына дизель отыны жеңілдікпен берілетінін мәлдімдеп отыр. 

Дарын Сағитов, тілші:  
Аталған ведомство Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағар май жеткізу жайын пысықтаған. Биыл 380 мың тонна дизель отыны жеңілдікпен беріледі. Кестеге сай сұйық отын еліміздегі Павлодар мұнай-химия зауыты, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» серіктестігінен және Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөлінеді. Тиеп-жөнелту жұмыстары тәулік сайын бақылауда болады.

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:
Дизель отыны автожанар-жағар май құю станцияларымен салыстырғанда 13-14 пайыз, яғни 21-22 теңге литріне төмен боалтынын жоспарлап отырмыз. 9 наурыздағы жағдай бойынша 11 мың тонна тиеліп, жөнелтілді.

Дарын Сағитов, тілші:  
Ведомство өкілдері Қазақстанда бензин мен дизель отынының қажетті қоры бар деп отыр. Ал ақпанның соңына қарай жанар майдың қымбаттауына мұнайдың ішкі нарықтағы бағасы, салықтар мен акциздер, несие, тасымалдау сынды түрлі шығындар себеп болып отыр. Сонымен қатар, сұраныс артып келеді. Басқосуда Маңғыстау өңірінде сұйытылған газ бағасының өсуі де сөз болды. Минситрлік өкілдері қазір бұл бағытта тиісті жұмыстардың қолға алынғанын мәлімдеді. Жағдай аймақ әкімшілігінің бақылауында. 

Хабарламаларға жазылу