АҚШ-та әр тұрғынға 1400 доллардан жәрдемақы беріледі: АҚШ конгресі жобаны мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та әр тұрғынға 1400 доллардан жәрдемақы беріледі: АҚШ конгресі жобаны мақұлдады

11.03.2021

АҚШ Конгресі пандемиядан зардап шеккен тұрғындарға көмек беру үшін бюджеттен 2 триллион доллар бөлуді мақұлдады. Енді салық төлеп отырған әр америкалыққа, яғни халықтың 85 пайызына 1400 доллардан беріледі. Сонымен қатар, аталған жоба аясында 7 миллиондай жұмыс орны мен вакцинация орталықтары ашылмақ. 

Орталық Еуропа елдерінде де коронавирус індеті өршіп тұр. Польшада бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 17 мыңнан асып, қарашадан бері анти рекордтық көрсеткіш жаңарды. Сонымен қатар, Чехия мен Венгрияда да індет ушығып барады. Мамандар мұны инфекцияның мутацияланған түрлерінің таралуымен түсіндіріп отыр.

Ал Аргентинада вирусқа қарсы вакцина ұстаздарға салынып жатыр. Бұл – мектептердің карантин кезінде де жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жалпы елде вакцинаны 1,7 миллиондай адам қабылдап үлгерген. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу