Ақпанда еліміздің жалпы ішкі өнімі минус 2,9% болды - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпанда еліміздің жалпы ішкі өнімі минус 2,9% болды - министр

11.03.2021
Ақпанда еліміздің жалпы ішкі өнімі минус 2,9% болды - министр

Ақпанда еліміздің жалпы ішкі өнімі минус 2,9%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

«2021 жылғы қаңтар-ақпанда макроэкономикалық көрсеткіштер оң үдерісті көрсетті. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты секторда өсім 6,3 пайызға дейін жеделдеді. Негізгі капиталға инвестиция кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, 13,3 пайызға өсті. Жылдық инфляция 7,4 пайыз деңгейінде сақталды», - деді  министр.

Айтуынша, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны осы жылғы қаңтардағы минус 4,5 пайыздан қаңтар-ақпанда минус 2,9 пайызға дейін жақсарды. Жалпы, кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық саласы тұрақты өсім көрсеткен.

Сондай-ақ министр Халықаралық рейтинг агенттіктері 2021 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсуін 3,2-3,8% деңгейінде болжап отырғанын жеткізді.



Үкімет жалпы ішкі өнім инфляция

Хабарламаларға жазылу