Жаңа телевизиялық алаң таныстырылды
«Қазақтелеком» компаниясының «ТВ+» жаңа телевизиялық алаңы таныстырылды. Бұл отандық медиа нарықты дамытып, жас авторларды сапалы контент жасауға ынталандыра түседі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі ІТ өнімге осындай баға берді. Онлайн тұғырнаманы еліміздің мамандары жасаған. 170-ке жуық арнаны қамтып, мыңдаған фильмдер мен бағдарламалар көруге мүмкіндік бар. Мұның бәрі «Қазақстанда жасалған» атты кітапхана қорына енген. «ТВ+» теле бағдарламалар кестесіне қарай емес, көрерменнің басқаруына бейімделген. Сапасы интернет жылдамдығына сәйкес автоматты түрде өзгереді. Алдағы уақытта отандық актерлер, блогерлер мен журналистердің жобалары үшін тұрақты алаң ұсынылмақ. Тариф бағасы айына 1700 теңгеден басталады.
Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:Ақпаратты халыққа қолжетімді ету және медиа саланың бәсекеге қабілетті болуы, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін айта кетсек. Осы жоба соның барлығының жүзеге асуына септігін тигізеді.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
S&P Global Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне жоғарылатты
22.08.2026, 10:52
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 10:30
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06