Коронавирус: Нұр-Сұлтан мен Алматы «қызыл» аймаққа ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус: Нұр-Сұлтан мен Алматы «қызыл» аймаққа ауысты

10.03.2021

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары қайтадан «қызыл» аймақ қатарына кірді. Ал Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау және Павлодар облыстары «сары» тізімде. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Кеше ел бойынша тағы 693 адамның ковид жұқтырғаны расталды. 4 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Нұр-Сұлтан мен Алматыда ең көп жағдай тіркелген. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде 220 мыңнан аса адам ковид жұқтырып, 203 мыңнан астамы жазылып шыққан.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу