Павлодар өңірінде боранда жолда қалғандарға дер кезінде көмек көрсетілмеген
Павлодар өңірінде боранда далада қалып, жолда адасқан жолаушылар 112 номеріне хабарласа алмаған. Сондықтан оларға көмек кеш жеткен. Осыған байланысты жауапты тұлғаларға қатысты енді қызметтік тексеру жүргізілмек.
Екі күн қатарынан соққан ақ түтек боранда 200-ге тарта көлік қарға батып, кейбірі тәулік бойы жолда қалған. 150-ге жуық жолаушы құтқарылды. Аймақтағы төтенше жағдайлар қызметінің дерегіне қарағанда қар тоқтату жұмыстарының уақытылы жүргізілмегендігі, жолдың жабылатыны туралы халыққа дер кезінде хабарланбауы және қажетті техниканың дайын болмауы келеңсіз жағдайларға әкеп соқтырған.
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкіміӨкінішке орай азаматтар біздің жұмысымыздың нәтижесін көре алмады. Көмек келуін ұзақ күтіп, ашуланды, денсаулықтарын жоғалтты. Сондықтан шешімді кеш қабылдадық, мобилизациялау жұмыстары созылып кетті деп санаймын.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16