Президент Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен кездесу өткізді

10.03.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады. Кездесу барысында халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша мәселелер қаралды. Мемлекет басшысы ұйымның дамуына қатысты бірқатар ұсыныстар айтты. Қазақстан саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және оның әлеуетін арттыруға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қатынастар саласындағы белгілі америкалық сарапшы, Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен бейне байланыс арқылы кездесу өткізді. Тараптар әлемдік дамудың заманауи үрдістері, коронавирустан кейінгі кезеңде геосаясат тәртібін жаңғырту жайын талқылады. COVID-19 пандемиясынан жинақталған тәжірибені ескере отырып, әлемдік экономиканың технологиялық тәртібін өзгерту факторлары талқыланды. Президент америкалық ғалымға Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, еліміздің сыртқы саясаттағы басымдықтары мен Орта Азия аймағына қатысты ұстанымдары туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев эпидахуал жақсарған соң Фрэнсис Фукуяманы Қазақстанға келуге шақырды. Профессор Мемлекет басшысына кездесу үшін алғыс білдірді. Халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша табысты ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу