ШҚО-да құтқарушылар өзендердегі мұзды жарып жатыр
Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде мұз жарып жатыр. Бұл жұмыстар көктемгі сең жүру кезінде кептеліске жол бермейді.
Мамандар алдымен өңірдегі қауіпті орындарды анықтап алған. Тасқынға тосқауыл қою шаралары Шемонаиха және Бородулиха аудандарында басталды. Бұл аймақта Уба өзенінен қауіп бар. Ал мұз жару кезіндегі қауіпсіздікке аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жауап береді. Кейбір жарылыстар жеке тұрғын үйлерге жақын жасалады. Сондықтан, арнайы әдіс қолданылады. Облыс бойынша өзендегі мұзды жару жұмыстары 7 ауданда жүргізілмек. Бұл үшін бюджеттен 198 миллион теңге бөлінген.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16