Жанармайдың қымбаттауы нан бағасына әсер етпеуі тиіс - министрлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанармайдың қымбаттауы нан бағасына әсер етпеуі тиіс - министрлік

05.03.2021

Жанармайдың қымбаттауы нан бағасына әсер етпейді. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі дизельмен бірге ұн өнімдері қымбаттайды деген сөздерге осылай жауап берді. Айтуларынша, шаруаларға жыл сайын онсыз да 900 мың тонна жанармай беріледі. Оның құны нарықтағы бағадан 20-30 пайызға арзан. Сол үшін нан бағасына дизельдің қатысы жоқ дейді министрлік өкілдері. Айта кетейік, былтыр ас атасы 5,7 процентке, ал биыл 0,3 пайызға қымбаттап үлгерді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу