Алматыда 13 мың кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істеуге ниетті
Алматыда 13 мың кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істеуге ниетті. Бұл туралы қаланың бас санитары хабарлады. Қазір 25 мекеме осы қосымша арқылы қызмет көрсетуге кірісті. Ал нысандарға кіру үшін келушілерге ПЦР тест тапсырудың қажеті жоқ. Жандарбек Бекшиннің сөзінше, вирус жоқтығын дәлелдейтін құжат түрлі жарысқа қатысушылар мен шетел асатындарда болуы тиіс. Сондай-ақ бас санитар «Ashyq» қосымшасы арқылы тексерілетін мәліметтер қайда жіберілетіндігін де атап өтті.
Жандарбек Бекшин, қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері:Жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы алынған мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігіндегі орталық серверге жіберіледі. Қазір шара қабылдау үшін арнайы алгоритм ойластырылып жатыр. Бизнес нысандары тек ереже бұзушыларды анықтайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16