Павлодар облысында бюджеттен 65 млн теңге жымқырғандар жауаптан жалтармақ болды
Павлодар облысында лауазым иелері мемлекет қаржысын жымқырған адамға қылмыстық жауапкершіліктен құтылудың жолын үйретіп, тергеушіні жаңылыстырған. Осы ісі үшін Павлодар облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметінен қуылды. Тәртіптік кеңеске келмеген тағы бір лауазым иесі жұмыстан кетуі мүмкін. Олар Мәдениет басқармасына бағынышты «Шаңырақ» мәдени-сауықтыру орталығының директорына қол ұшын бермек болған. Ал күдікті кассирмен ымыраласып, айналасы екі жыл ішінде 65 млн теңгені қалтаға басқан. Телефонда айтылған «ақыл-кеңесті» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жазып алған. Айта кету керек, екі орынбасарда қылмыстық іске куәгер ретінде тартылды.
Бауыржан Қайрақбаев Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары:Қылмыс жасаған күдіктіге заң бойынша тек қорғаушысы ғана көмек бере алады. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз іс-жағдайға баруы әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Сол себепті, қатаң шара қолданылды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00