Қазақстан мен Өзбекстан вице-премьерлері ортақ мүдде үшін кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан вице-премьерлері ортақ мүдде үшін кездесті

04.03.2021

Бүгін Ташкентте Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары Бехзода Музаев кездесті. Тараптар екі елдегі эпидемиологиялық ахуалды және коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі бірлескен шараларды талқылады. Вице-премьерлер фармацевтикалық өнеркәсіп саласындағы бірлескен жобаларды, соның ішінде Шымкентте дәрі-дәрмектер мен гигиена өнімдерін шығаратын зауыт салу мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Ералы Тоғжанов екі елдің денсаулық сақтау министрліктері арасындағы келісімді әзірлеу және оған қол қою туралы ұсыныс жасады. Бұл қадам денсаулық сақтау саласын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашпақ. Екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация бірқатар медициналық орталықтар мен фармацевтикалық кәсіпорындарда болады. Жалпы, тараптар арасында талқыланатын ең бірінші тақырып - дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, екіншісі кадр мәселесі.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Үшінші сұрақ, материалдық-техникалық базаның сұрақтары. Сондықтан, ол да денсаулықты қамтасыз ету бағытының бірі, сондықтан, осы деңгей Өзбекстанда қалай жүзеге асып жатыр. Осы бойынша да ой бөлісіп жатырмыз. 

Хабарламаларға жазылу