«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің кездесуі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің кездесуі өтті

04.03.2021

Бүгін елордада «Болашақ» степендиясының білікті 30 түлегі» интерактивті кездесуі өтті. Шараға әр салада жемісті еңбек етіп жүрген 30 ару қатысты. Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Болашақ» бағдарламасы бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған жемісті жоба. Бүгінде осы бағдарламамен білім алған 11 мың маман еліміздің экономика, білім, ғылым, техника, мәдениет, денсаулық сақтау салаларында табысты қызмет атқарып келеді. Олардың білімге деген құлшынысы мен елдің көркеюіне қосқан үлесін насихаттап, үлгі ету мақсатында өткізілген жиынға өңірлік университеттердің студенттері қатысты. 

Бақытжан Темірболат, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры: 
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің басын қосып, шақырып отырмыз. Бүгінгі кездесуімізге өңірлік университеттер мен шетелде оқып жүрген бірқатар жастар онлайн қосылып қатысады.  

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу