Жезқазғанда 45 отбасы баспаналарын жекешелендіре алмай отыр
Жезқазған қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұратын 45 отбасы 25 жылдан бері баспаналарын жекешелендіре алмай келеді. Олардың барлығы бір кездері «Қазақмыс» корпорациясында еңбек еткен. Пәтерді де сол кезде алыпты. Бұрын жатақхана болған бес қабатты ғимарат компанияға тиесілі болғанымен, жер мемлекет меншігінде. Сондықтан жекенің қолына өткізу заңға қайшы. Ал корпорация үйді басыбайлы коммуналдық меншікке берсе, тұрғындарға пәтерлерін босатуға тура келеді. Себебі мемлекет балансына өткен үй ең әуелі кезекте тұрған мұқтаж жандарға үлестірілуі тиіс. «Мәселені шешудің бір ғана жолы - үйді жерімен бірге компанияның қарамағына өткізу», - дейді жергілікті әкімдік өкілдері.
Гүлнәр Байқоңырова, Жезқазған қаласының тұрғыны:
Бұл үйді жекешелендірмейді деп басында бізге айтса, біз осы 23 жылдан бері тұрамыз, біз ендігі алатын едік қой үйді.
Қайрат Бапанов, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:
«Қазақмыс» корпорациясы бұл жерді өздеріне алу керек рәсімдеп. Содан кейін өздерінің сол жерде тұрып жатқан азаматтарына үлестіріп берулері керек. Кезінде жер рәсімделмеген, сондықтан сол мәселе туындап тұр.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16