Түркістандық театр ұжымы мәртебесінің өзгергеніне наразы
Түркістан қаласындағы Райымбек Сейтметов атындағы облыстық сазды драма театры жастар мен қуыршақ театры болып өзгертілмек. Алайда ұжым мұнымен келіспейді. Өйткені өңірде облыстық деңгейлі сазды драма театры жаңадан құрылмақ. Ал бұл өнер ордасында байырғы әртістер емес, Елорда мен Алматыдан арнайы келген актерлар жұмыс істейтін болады.
Түркістандағы театр әртістерінің бүгінде тынышы кеткен. Себебі жаңа театрға жаңадан әртістер қабылданбақ. Ал, бұрынғы өнер ұжымы «сазды драма театры» деген мәртебесін айырылғалы тұр.
Айдар Наурызбаев, театрдың көркемдік жетекшісі:Аяқ астынан төбемізден жай түскендей болды.
Бағлан Төлендиев, актер:Біздің статусымызды музыкалық дегенді алып тастап жатыр. Бұл біздің дәрежемізді түсіру деп білемін. Неге біз осы уақытқа дейін 21 жыл еңбек етеміз. Сондай дәрежеде жүреміз, келеді да біздің статусымызды алып тастайды. Сосын неге осы дайын тұрған маман иелерін жаңа ғимаратқа апара салуға болмайды?
Әртістер мәселесін айтып облыс басшылығына да, мәдениет басқармасына да барған. Бірақ әлі күнге нақты жауап ала алмаған. Облыстық мәдениет басқармасының басшылығы театрдың мәртебесін ауыстыру әзірге жоба ретінде қаралуда дегенді алға тартып отыр. Бірақ қалада екі бірдей сазды драма театры болмайтыны анық.
Әзімхан Қойлыбаев, Облыстық мәдениет басқармасының басшысы:Бізде уәде мынау біткеннен кейін облыста жаңа театр болады, сол жаңа театрда жаңа труппа болады. Мындағы біраз әртістер сонда ауысады деген уәде болған. Жүз процент сіздер сонда барасыздар деген уәде болған жоқ. Өйткені жаңа әртістер келгеннен кейін оларды тәрбиелейтін аға буын болуы керек.
Жаңа театр облыстық емес қалалық әкімдіктің қарамағында болмақ. Сондықтан ондағы кадрлық ауыс түйісті қаладағылар шешеді. Райымбек Сейтметов атындағы облыстық театрдың мәртебесі де қалай өзгеретіні әзірге белгісіз.
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы