Ресейге қарсы санкция салдары
Навальный ісіне қатысты АҚШ-тың Ресейге қарсы санкция енгізгені белгілі. Құжатты әлемнің Еуроодаққа мүше 27 мемлекеті мақұлдаған. Осы аптаның ішінде Брюссель де Ресейге қарсы жаңа шектеулерді қабылдайтынын жария етті. Бұл санкциялардың көрші ел экономикасына тигізер зардабы қандай болмақ? Бізбен тікелей байланысқа Мәскеуден тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр.
Индира Бегайдар, тілші:Ақ үй қара тізімге Ресей үкіметінің жоғары лауызымды 7 шенеунігі мен 14 ұйымның енгізілгенін хабарлады. Енді Вашингтон Мәскеуге экономикалық тұрғыда көмек көрсетуді тоқтатады. Сондай-ақ, АҚШ Ресейге кез келген қорғаныс өнімдерін сатуды және экспорттауды, қару-жарақ экспортына лицензиялар мен рұқсат беруді де тоқтатты. Ал Ресейдің Сыртқы істер министрлігі ресми Вашингтонның бұл шешімін «дұшпандық әрекет» деп бағалап, Америка ішкі ісімізге араласты деп отыр. Кеше Еуроодақ та Ресейдің төрт лауазымды тұлғасына санкция салды. Бұған қатысты Сыртқы істер министрі Мәскеу Еуроодақпен қарым- қатынасты үзуге дайын екенін жеткізгені белгілі. Ресейлік сарапшылардың пікірінше, бұл шектеулердің ел экономикасына айтарлықтай зардабы тимейді.
Дмитрий Журавлев, аймақтық мәселелер институтының бас директоры:Бұл бірінші шектеу шаралары емес, оған үйрендік десек те болады. АҚШ пен сауда айналымы онсыз да төмен. Тек халықаралық имидж мәселесі болмаса. Ал Еуроодақпен байланыс үзілсе де, тұтас Еуропа қарым-қатынасын тоқтатады деген сөз емес. Әр мемлекеттің басшысына байланысты. Бір анығы - Ресей тарапынан жауап ретінде санкция салынбайды. Біз өз консулдықтарымызды да жаппаймыз.
Керісінше, Ресей Еуропа елдері үшін мұнай бағасын қымбаттатуы мүмкін дейді сарапшылар. Десе де, көрші елдің кейбір экспорттық лицензияларынан айырылатыны белгілі. Ал көрші елдің парламенті өз мемлекетіне қарсы санкция салуға үгіттеген азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін заң жобасын қарап жатыр.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06