Алматыда полиция қызметкері 9 қабатты үйдің төбесінен құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда полиция қызметкері 9 қабатты үйдің төбесінен құлап кетті

02.03.2021

Алматыда полиция қызметкері құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшысы шақырту бойынша келіп, қараусыз қалған нысанда ойнап жүрген жасөспірімдерді қауіпсіз аймаққа шығармақшы болған. Алайда, оқыс жағдай болып, төменгі қабатқа құлап кеткен.

Ауыр жарақат алған полицей қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізіліп, оған операция жасалған. Науқастың жағдайы әлі де ауыр, дейді дәрігерлер. Балалар зардап шекпеген. Олардың ата-анасына міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін хаттама толтырылған. Ал жергілікті тұрғындар қараусыз қалған дәл осы нысанда оқыс жағдай бірнеше рет болғанын айтып, әкімдіктен жедел шара қолдануды сұрады.

Айдана Сүйіншәлиева, қала тұрғыны:
Балалардың бәрі жүреді. Терезеден айқайлаймыз. Адамның жаны түршігетін нәрсе. Бұны бұлай қалдыру мүмкін емес.


Хабарламаларға жазылу