Алдағы 5 жылда агро секторға 250 млрд теңге шағын несие беріледі
Ауылдағы ағайынның тұрмысын түзеу үшін алдағы 5 жылда 250 млрд теңге шағын несие беріледі. Үкімет отырысында осы ақпарат жария болды. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, оның ішінде ішкі нарықты отандық азық-түлікпен қамту - Үкіметтің стратегиялық міндеті». Бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет мүшелерінің алдына осындай міндет қойды. Оның ойынша, Қазақстанның агро-державаға айналуына толық мүмкіндігі бар. Елімізде былтыр ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,6 пайызға артып, 6,3 трлн теңгеге жетті. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең ірі көрсеткіш.
Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Ауылда шағын несие беру жалғасатын болады. Өткен жылдың өзінде бұл мақсатқа 43,2 млрд теңге бағытталды. Бұл 11 мыңнан астам шағын несие беруге мүмкіндік берді. Оның 60 пайызын стартап-жобалар құрайды. Бағдарламаны іске асыру ауылда 11 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Ғабит Бөкенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16