Қазақстан – бірліктің мекені - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – бірліктің мекені

02.03.2021

Қазақ халқының арқасында көп ұлт аман қалып, мәдениеті мен дәстүрін сақтады. Сондықтан баршамыз бірлікті күшейтіп, елді гүлдендіруге атсалысуымыз керек. Бұл - Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің пайымды пікірі. Қиын жылдарда барар жер, басар тау таппай қиналып, арып-ашып келгендерді дархан дала бауырына басты. Тіпті көпшілік ұйымдасып, үй тұрғызып, ас-ауқатын, киім-кешегін де бөліп берді. «Сондықтан алғыстан басқа айтарымыз жоқ», - деді өзге ұлт өкілдері.

Гүлнәр Аннакулиева, Түрікмен этномәдени орталығының төрайымы:
Қазақ - кең пейілді, ашық және ең бастысы адал халық. Сонысымен-ақ қаншама ұлтты бауырына басып, бір шаңырақ астына жинады. Сондықтан, алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Ершат Асматов, республикалық ұйғыр этномәдени орталығы төрағасының орынбасары:
Жасалып жатқан мүмкіндіктер өте мол. Зор былай айтқанда. Елімізді гүлдендіруге бар үлесімізді қосамыз деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу