Арыста оқ-дәрілерді жою жұмыстары қайта жалғасты
Арыста оқ-дәрілердің қалдықтарын жою жұмыстары қайта жалғасты. Қыста жердің қатуына байланысты саперлердің қызметі тоқтаған. Ал кеше инженерлік-саперлік топ қайтадан іске кірісті. Олар арнайы техника және қажетті құралдармен жарақталған. Ауылшаруашылық жұмыстарының жандануына байланысты егіс алқаптары мен жайылымдар маңы да тексеріліп жатыр. Табылған заттар мен оның бөлшектері арнайы орынға жиналып, сол жерде жойылады. Оқ-дәрілерді жою кезінде барлық қауіпсіздік талаптары сақталып, тұрғындарға алдын ала ескертіледі.
Айдана Күздеубаева, Арыс қаласының тұрғыны:Әлеуметтік желіге салып, ескертіп отырады алдын ала. Хабардар болып, соған дайын отырамыз.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16