Ақмолалық полицейлерге коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолалық полицейлерге коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады

02.03.2021

Ақмола облысында полиция қызметкерлеріне вакцина салына бастады. Алғашқы күні 40 адамға екпе жасалды. Әзірге 80 доза бөлінген. Дәрінің жеткізілуіне байланысты вакцина қабылдаушылар саны да арта бермек. Қазір Ақмола облысы бойынша 4 полиция қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырып, ем қабылдауда. 

Данияр Аманжолов, Ақмола облыстық полиция департаментінің взвод командирі:
Жаңа, міне, вакцина алып шықтым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Халықпен көп қызмет жасағаннан кейін, мынау вакцина алу дұрыс деп есептеймін. 

Ермек Елберген

вакцина

Хабарламаларға жазылу