Қытайға темір жол арқылы жүк тасымалдау тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайға темір жол арқылы жүк тасымалдау тоқтатылды

01.03.2021

Бүгіннен бастап Қытайға темір жол арқылы жүк тасымалдау уақытша тоқтатылды. Шектеу наурыздың соңына дейін жалғаспақ. Өйткені Қытай тарапының талабы қатаң.

Коронавирусқа байланысты Достық станциясынан вагондарды кіргізіп жатқан жоқ. Қазір 12 мыңнан астам контейнер шекара түбінде қаңтарылып тұр. Ал экспорттаушыларымыз шығынға батып жатыр. Сол үшін жүк тасымалдау операторы Қытайға тауар жеткізуді тоқтатуға мәжбүр. Айтуларынша көрші ел халықаралық келісімді бұзып отыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу