Өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыстарын білдірді
Алғыс айту күніне орай әр жылдары Қазақстанда тұрған өзге ұлт өкілдері де өз ықыластарын білдіріп жатыр. Қазір шетелдерде түрлі салада еңбек етіп жүрген олар қазақ елін екінші Отаны санайды.
Аль-Мусана Муфлех, дәрігер:
Мен Алматыда білім алдым. Қазақ халқының қонақжайлылығы мен мейірімділігіне тәнті болдым. Керемет шақтарды сағынышпен еске алып отырамын. Сіздерге алғысым шексіз.
Артур Штайхауэр, компания директоры:
Мен Павлодар облысының тумасымын. Қиын-қыстау кезеңде менің аталарым қазақтың қолдауын көрді. Дархан жерден пана тапты. Мереке құтты болсын!
Алма Диздаревич, банк қызметкері:
Мен отбасыммен Қазақстанда 9 жыл тұрдым. Білім алдым, еңбек еттім. Кең пейілді, ақ жүректі қазақ жұртын ешқашан ұмытпаймын. Қазақ елі – менің екінші Отаным!.
Вальдемар Вайц, зауыт директоры:
Менің аталарым қиын заманда Повольже өңірінен Қазақ еліне көшкен. Туған жерім мен үшін өте ыстық. Қазақ еліне, ауылыма, көршілеріме үлкен рахмет! Аман болыңыздар!
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08