Бас мүфти Алғыс айту күнімен құттықтады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады. Бас мүфти тағдыр тауқыметін тартып, заманында қазақ жеріне пана іздеп келген түрлі ұлт пен дін өкілдерін бауырына басып, барымен бөліскен ата-бабаларымыздың бұл жақсылығы ұрпақ үшін мәңгі өнеге екенін атап өтті.
Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні Алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге үндейтін мерекеміз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасыға құт-береке, бақыт пен табыс тілеймін. Адамгершілік пен имандылықты өмірінің қазығы еткен халқымыз қиын-қыстау сынақ жылдарында қамыққан жанға қамқор болды.
Сондай-ақ бүгін Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды. Кез келген қолданушы Jurekten.kz сайтына кіріп, өздеріне көмектескен адамға алғыс жаза алады. Жоба компанияның жеке қаражатына ашылған. Ешқандай қаржылай пайда табуды көздемейді.
Азамат Нұғыманов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00