Тәуелсіздік хронологиясы: 1992 жылдағы елеулі оқиғалар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік хронологиясы: 1992 жылдағы елеулі оқиғалар

28.02.2021

Тәуелсіз болып өмір сүріп бастаған 1992 жылдың басты тақырыптарын сараласақ, бірінші кезекте бағалардың шарықтауы – гиперинфляция еске түседі. Бір сөзбен айтқанда әлеуметтік катаклизмдер уақытының басы. Жабайы нарық. Бір қойды бір қапқа айырбастаған ауыл адамдарының азапты өмірі.

Дегенмен сол кезде бірінші курста оқыған бізге азық-түлікті талонмен алу соншалықты күйінішті көрінбеген. Бір себебі – сол кездегі саяси орталық - Алматыда білім алып жүрген жастар ұлтымыз үшін аса маңызды уақыттың туғанын сезді. Қарапайым мысал, ұлттың намысына тиетін бұралқы сөздер айтылмайтын еді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тұрақты айдар ашылды. Арнамыздан берілетін «Тәуелсіздік тәуекелдері» циклды деректі фильмінің редакторы Нұрлан Асқарұлы бүгін 1992 жылдың басты тарауларының бірнешеуіне тоқталады.


Хабарламаларға жазылу