Солтүстік Қазақстан облысында 10 мектептің оқушылары әлі қашықтан оқып жатыр. Олардың бірқатары 1 наурыздан штаттық режимге көшеді. Ал өңір 21 ақпаннан бастап «жасыл» аймаққа өтті. Өткен аптамен салыстырғанда ауру жұқтыру көрсеткіші 18 пайызға азайған. Осыған байланысты бірқатар жеңілдіктер жасалды. Қоғамдық тамақтану орындарына 50 адамнан, театрларға көрермендер санын 30 пайыздан асырмай қызмет көрсетуіне болады. Жексенбі күндері монша-сауналардың түнгі 24.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Сондай-ақ мешітке барып бес уақыт намаз оқуға болады. Ал 28 ақпаннан бастап өңірде қала, ауданаралық автобустар қатынай бастайды.
Сағындық Сәбитұлы