Қазақстанда бензин қымбаттады
Қазақстанда бензин қымбаттады. Бір күнде ірілі-ұсақты бекеттер жанармай литрінің бағасын 6-10 теңгеге өсіріп жіберді. Энергетика министрлігі отандық нарықтағы өзгеріс әлемдегі мұнай бағасының өсуімен байланысты емес дейді. Елорданың өзінде қазір АИ-92 маркалы бензиннің литрі «ГазЭнерджи» бекетінде 156, «ТрансОйлда» 160 теңгеден сатылып жатыр. Бұл станцияларда жанармай күні кеше 150 теңгеден саудаланған. Энергетика министрлігінің өкілдері бензин бағасының 2015 жылдан бері мемлекет тарапынан реттелмейтінін айтады. Пандемияға байланысты былтыр мұнай өнімдеріне сұраныс төмендеген. Салдарынан жанармай да арзан болды.
Талғат Құрманбаев, ҚР Энергетика министрлігі департамент директорының орынбасары:Сұраныстың өсуіне және экономиканың жандануына байланысты бензиннің көтерме сауда бағасы 7 мен 15 теңге арасында болса, ол литрге шаққанда 6 мен 10 теңгеге сәйкес. Бензиннің бағасы қазіргі таңда әлемде байқалып жатқан, мұнай бағасының өсуіне тікелей байланысы жоқ.
Сарапшы да бағаның өзгеруін нарық тетіктерімен байланыстырады. Яғни, сұраныс болса, ұсыныс бар. Оның үстіне баға еркін айналымда. Ал бензин құнының тым ұзақ уақыт тұрақты болғаны мемлекет үшін де, өндіруші компаниялар үшін де тиімсіз дейді
Сапарбай Жұбаев, экономист:Қазақстан экономикасы үшін оншалықты тиімді емес. Себебі, бұл өндірушгілердің өзіндік құнын қамтымайды және оларға пайда, яғни инвестициялық табыс әкелуге мүмкіндігі жоқ.
Осы тұста айта кетерлігі, енді 2 күннен кейін көлікке құятын сұйытылған мұнай газының бағасы қайтадан еркін нарыққа шығарылады. Дегенмен Энергетика министрлігінің өкілдері баға бақылауда болады деп сендірді. Шекті бағаны ведомство өзі бекітеді.
Дәурен Әбілқайыров, ҚР Энергетика министрлігі департамент директорының орынбасары:Бағаның 1 наурыздан кейін көтеріліп кетеді деген ешқандай негіз жоқ. Заңсыз көтерілген жағдайда бәсекелестікті қорғау агенттігі оны қадағалап, тиісті шараларды қолданады.
Еске салар болсақ, Мемлекет басшысы пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеуді тапсырған болатын. 1 наурыздан бастап бұл бағыттағы жұмыстар тоқтайды.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13