Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонды
Бүгін Алматы іргесінде медицина мамандары мінген АН-2 ұшағы діттеген жеріне жете алмай, жерге қайта қонуға мәжбүр болды. Апаттың себеп-салдары белгісіз. Қазір арнайы мамандар тергеуді бастады. Ал ұшақта болған жолаушыларға еш зақым келмеген.
Нұрхан Нұрланұлы, тілші:Боралдай кентінен түскі сағат 12.30 шамасында ұшып шыққан санитарлық авиация ұшағы Алматы облысы Кеген елді мекеніне бет алған. Алайда көкке көтерілген бойда ақау белгілері байқалған соң ұшқыштар кері қайтуға әрекеттенген. Дегенмен ұшақ әуежайға жетіп үлгермеген. Осылайша ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге, әуежай қоршауынан шамамен 30 метр қашықтықтағы сайға қонуға мәжбүр болған. Авиация ұшағында 2 экипаж мүшесі және 3 медицина қызметкері болған. Абырой болғанда, қаза тапқандар, зардап шеккендер жоқ. Барлығы дін аман. «Азия Континенталь» әуе компаниясына тиесілі ұшаққа да айтарлықтай зақым келмеген. Қазір Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасының мамандары тергеу жүргізіп жатыр. Әзірге қозғалтқышынан ақау шығуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ апаттың нақты неден болғаны белгісіз.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00