Мемлекет басшысы Түркия президентіне құттықтау жедехатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түркия президентіне құттықтау жедехатын жолдады

26.02.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Түрік халқының игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі. Екі ел арасындағы достықтың өркендеп, стратегиялық әріптестіктің кеңеюіне қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сондай-ақ, Елбасы НұрСұлтан Назарбаев Түркия басшысын телефон арқылы құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі. Түркия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебізі үшін алғыс айтып, Елбасының Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы ретіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу